Тулебаева Бакытгуль Туребековна » «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Қарлығаш» бөбекжай – бақшасы
комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(708) 990-49-89
"Әдіскер:
+7(708) 990-49-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тулебаева Бакытгуль Туребековна
03
қыркүйек
2026

Тулебаева Бакытгуль Туребековна

Тулебаева Бакытгуль Туребековна 1970 жылы 24 шілдеде Жамбыл облысы,сол кездегі Лугавой ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген.

1977 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Алексевка ауылындағы М.Горький орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1987 жылы Жамбыл облысы Навотроицкое (қазіргі Төлеби) ауылындағы М.Әуезов орта мектебін аяқтаған.
1987 жылы М.Х.Дулати Жамбыл университетіне түсіп, 1997 жылы «Ұлттық мектептердегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығын
бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақәділ Суханбаев орта мектебінде «орыс тілі және әдебиеті» пәні мұғалімі болып бастады.
2003 – 2006 жылдар аралығында Ақәділ Суханбаев орта мектебі директорның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2006 – 2010 жылдары Байзақ ауданы Түймекент ауылындағы «Қарлығаш» мектеп – бақшасының директоры ал  2010 жылдан 2025 жылдың қараша айына дейін Жақаш ауылындағы «Айнұр» бөбекжай – бақшасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2025 жылдың 21 қарашасынан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжай – бақшасының меңгерушісі қызметін атқарып орыр.
Отбасында 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, көпбалалы ана. Қазіргі таңда  ұл – қыздары әр салада қызмет атқарып отыр. Жалпы еңбек өтілі – 37 жыл. Қызмет атқарған жылдары аудандық, облыстық алғыс хат, дипломдармен марапатталған.
Наградалар қағазы:
2022 жылы «Мен зерттеушімін» атты тәрбиеленушілер арасындағы аудандық сырттай байқауға қатысып «Айнұр»  бөбекжай – бақшасының тәрбиешілері III дәрежелі дипломен марапатталды.
2022 жылы «Алғысым шексіз сіздерге» атты аудандық фестивалінде «Айнұр» бөбекжай – бақшасы Алғыс хатпен марапатталды.
2022 жылыаудандық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды жаңарту» атты педагогикалық оқулардың I дәрежелі дипломымен марапатталды.
2022 жылы 8 – наурыз мерекесіне орай, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі қосқан елеулі үлесі үшін аудандық құрмет громотасымен марапатталды.
2022 жылы «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі қосқан елеулі үлесі үшін аудандық құрмет грамотасымен марапатталды.
2023 жылыаудандық «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауына қатысып «Айнұр» бөбекжай – бақшасының тәрбиеленушілері III дәрежелі дипломмен марапатталды.
2025 жылы «Мұғалім күні» кәсіби мерекесіне орай, білім беру саласындағы жемісті еңбегі мен өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие бергені үшін грамотамен марапатталады. 
2025 жылыЖамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ақылды ойыншықтар» атты облыстық байқауының жеңімпазы I дәрежелі дипломмен марапатталды
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив